Қазақстандық әуекомпания Сауд Арабиясына ұша бастады

0

4 қыркүйекте Air Astana әуекомпаниясы Алматы — Джидда алғашқы тұрақты рейсін орындады. Ұшақ 92%-ға толы болды. Осы айда рейстер сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. 1 қарашадан бастап ұшулар сәрсенбі және сенбі күндері, ал желтоқсаннан бастап қосымша дүйсенбі күндері орындалады

Бұл бағыт бойынша 166 орны бар Airbus A321 LR жайлы әуе кемелері қатынайды.

«Ұшу ұзақтығы — 6 сағат 50 минут, қайтатын рейс ұзақтығы — 5 сағат 45 минут. Сервистік алымнан басқа барлық алымдарды қосқанда эконом-кластағы авиабилеттердің ең төменгі құны 325 631 теңге, бизнес-класта – 764 784 теңге», — делінген әуекомпания хабарламасында.

Қызыл теңіз жағасында орналасқан Жидда порт қаласы, ең алдымен, қасиетті Мекке қаласына қақпа ретінде белгілі. Жиддадан Меккеге әуежайдан тікелей жүрдек пойызбен 30 минутта жетуге болады.

Сауд Арабиясында қажылыққа барудан басқа, Жидданың өзінде туристер елді жаңа қырынан аша алады: бұл мұражайлары, мешіттері мен базарлары бар Аль-Баладтың тарихи көшелері, әлемдегі ең биік субұрқақ, Факих аквариумы, жағалау, және қаланың інжу – маржаны-жағажайлар мен Қызыл теңіздің жылы суы.

Қазақстан азаматтарында Сауд Арабиясына қысқа мерзімде visitsaudi.com сайтында электронды виза алу мүмкіндігі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *