Тағы бір алтын! Қазақстандықтар Азия ойындарында джиу-джитсудан үш медаль жеңіп алды
Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы үш медальді жеңіп алды: Нұржан Батырбеков ел қоржынына жетінші алтынды салды, — деп хабарлайды Tengri Sport.
21 жастағы қазақстандық халықаралық аренада алғаш рет алтын алды: 69 келіге дейінгі финалдық кездесуде Нұржан БАӘ спортшысы Мохаммед Аль-Суваидиді жеңді.
Мансур Хабибулла (62 келіге дейін) мен Алдияр Серік (62 келіге дейін) Қазақстанға тағы екі қола медаль әкелді.